RU
Мәскеуде терезеден құлаған қазақстандық студентке қайырымды жандар ақша жинауда
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеуде терезеден құлаған қазақстандық студентке қайырымды жандар ақша жинауда

Рассказать Вконтакте

Тележүргізуші Динара Сәтжан Мәскеу университеттерінің бірінде төртінші қабаттың терезесінен құлаған қазақстандық студенті танитынын мәлімдеді. Бұл туралы тележүргізушінің Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Динараның айтуынша, Томирис - оның танысы Жанна Ахметованың қызы. Бойжеткен оқу озаты болған, алайда оқыс жағдайға тап болыпты.

Тележүргізуші барлығын Томириске көмектесуге шақыруда. Ол бұған қажет барлық реквизиттерді парақшасында жария етті.

Ақшаның жиналып жатқанын бойжеткеннің анасының құрбысы да растап отыр деп жазады Today.kz. Ол Томирис терезеден өздігінен құламағанына сенімді. Себебі, университетті бітіруге шақ қалған ару Мәскеуде жұмысқа орналасуға ниетті болған екен.

Еске салсақ, 4 курс студенті Мәскеуде терезеден құлаған болатын. Бойжеткен бірнеше ота жасалғанына қарамастан, өте ауыр халде жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel