Қазақ миллионері АҚШ-та таксист боп жүрген оңтүстік жігітіне тәнті болды
Қазақстандық кәсіпкер әрі Astana Motorsports президенттік клубының пилоты Айдын Рақымбаев Facebook парақшасында шетелдегі қазақ жігіті туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Рақымбаев Айдын. Фото: facebook/rakhimbaev
Жақында Сан-Францискода болып қайтқан Рақымбаев Кремний алаңындағы компанияларда жұмыс істейтін азаматтармен танысады.
Ол Қазақстаннан аталмыш жерде 46 адам жұмыс істейтінін және олардың АҚШ университеттерінде білім алатынын айтуда. Бизнесмен олардың халықаралық жоғары технологиялық корпорацияға жұмысқа тұра алғанын айтуда.
Алайда қалталы кәсіпкер бәрінен бұрын Uber компаниясына такси қызметкері болып жұмыс істеу үшін ОҚО-дан Сан-Францискоға келген қазақ жігітіне тәнті болған. ОҚО тұрғыны АҚШ-қа ағылшынша бір ауыз сөз білмей келіпті.
Рақымбаев қазақ жігітінің табандылығы мен еңбекқорлығына таңдайын қаққан.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!