RU
Бұрынғы иесінің мәйіті бар үй сатып алушының жүрегін ұшырды
Жаңалықтар Әлемде

Бұрынғы иесінің мәйіті бар үй сатып алушының жүрегін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Италияның солтүстігіндегі сатылымға қойылған жылжымалы мүлікті көруге келген потенциалды сатып алушы үй иесінің мәйітін тауып алды деп хабаралйды 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұрынғы иесінің мәйіті бар үй сытылымға қойылды

Бұрынғы иесінің мәйіті бар үй сытылымға қойылды

Бұрынғы үй иесі несие мен коммуналдық қызмет ақысын төлеуді қойғаннан кейін Виченценің маңында орын тепкен Валле-дель-Пазубио қалашығындағы үй бәссаудаға қойылған.

Ықтимал сатып алушы сот органдарының өкілдерімен үйді көруге келген кезде бұрынғы үй қожайынының отырған күйінде мумияға айналған мәйітін диваннан тауып алған.

Куәгерлер оқиға орнына құқық қорғаушыларды шақыртқан. Белгілі болғандай, Вальтер Даль-Дзотто есімді ер адам бір жылдан астам уақыт бұрын жұмыссыз қалып, төлемдерді төлеуді доғарған.

Кейін жарық кесілгеннен соң үйдің өзі бәссаудаға тігілген. Ал осы уақытқа дейін Даль-Дзоттоны ешкім іздеп келмеген екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір