RU
ОҚО-да жеті жасында сүндеттелген кәріс жігіті көпшілікті ауылда тұруға шақырды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да жеті жасында сүндеттелген кәріс жігіті көпшілікті ауылда тұруға шақырды

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да жеті жасында мұсылман атанған кәріс жігіті ауылда тұрудың өзіндік артықшылығы бар дейді. Қазақ тілін еркін меңгерген жас жігіт ауыл тынысы мен қазақ тіліне деген құрметі туралы ойын өңірдегі NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

ОҚО-да

Артем Ким. Фото: nur.kz

Кентау қаласындағы Ащысай ауылының 20 жастағы тұрғыны Артем Кимнің мұсылман атануына анасы Татьяна себепші болған. Ол жеті жасар баласына ислам дінін қабылдатып, сүндетке отырғызған.

Ораза ұстау, садақа беру сынды ислам дінінің шарттарын үзбей орындайтын Артем бүгінде жұма намазға барып, Алла алдына құлшылық жасауды да әдетке айналдырыпты.

"Алла сәтін салса, алдағы уақытта бес уақыт намазға жығылсам деймін", - деген жоспарын жеткізген кәріс жігіті қазақ ұлтына күйеу бала атансам деген ойы барын да жасырмады.

Артем Ким тоғызыншы сыныптан соң Кентаудағы колледжге оқуға түскен. Мектепте орыс сыныбында білім алған ол колледжде қазақ тобын таңдапты. Себебі, мектеп қабырғасында оқып жүріп-ақ мемлекеттік тілді жетік меңгеріп алған көрінеді.

Қазақ тілін бірге өскен ауыл балаларының арқасында үйренген ол "тіл үйрену адамның өз қолында" дегенді алға тартты.

ОҚО-да жеті жасында мұсылман атанған кәріс жігіті

ОҚО-да жеті жасында мұсылман атанған кәріс жігіті

Оның ойынша, өз ана тілін білмеу - ұят, тек ана тілі ғана емес, өзі тұратын елдің мемлекеттік тілін білу - патриоттықтың белгісі санайды.

Кәріс жігітімен сұхбат барысында оның өзі туып-өскен ауылға деген ерекше махаббаты байқалады. Әңгіме барысында ол ауылда тұрудың пайдалы тұстарын да тізіп берді.

«Ауылда тұрған соң кейбіреулер қала қызық деп жатады, негізі қызықтың бәрі ауылда ғой. Тыныш, бәрі бір-бірін таниды. Ауыл жастары тура бір үйдің баласындай араласып тұрады. Кейде біреуінің үйінде шаруа шығып қалса, сонда барып асарлатып қайтамыз.
ОҚО-да жеті жасында мұсылман атанған кәріс жігіті

ОҚО-да жеті жасында мұсылман атанған кәріс жігіті

Кейбір ауыл жастары қалаға кеткісі келіп тұрады ғой. Менде ондай ой мүлдем жоқ. Ащысайдың топырағына аунап өскен мен не үшін қалаға кетуім керек екен?

Барлығы қалаға кете берсе, ауылда кім қалады сонда? Қайта керісінше, осы ауылдың өсіп-өнуіне өз үлесімді қоссам деймін», - деп сөзін жалғаған жас жігіт отбасында жалғыз ұл болғандықтан анасын тастап ешқайда кетпейтінін кесіп айтты.

Қазіргі таңда Кентаудағы электр желілерінің кешенді басқармасында жастар практикасы бойынша техник-электрик болып жұмыс істейтін оның медицинадан да хабары бар болып шықты. Өйткені, анасы - Ащысай ауылына танымал білікті медбике. Кәріс жігіті дәрі егу сынды жұмыстарды сол кісіден үйреніп алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
1
50
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір