RU
Миллионер: Шахановқа көмек бере алмасақ, намысымыз бес тиын да тұрмайды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Миллионер: Шахановқа көмек бере алмасақ, намысымыз бес тиын да тұрмайды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық табысты кәсіпкер әрі мәслихат депутаты Мұхтар Шахановтың үйіне қатысты мәселені шешкенін мәлімдеді. Енді Қайрат Құдайберген ақынның 46 миллион қарызға батқан журналын қайтару үшін қаржы жинауда деп хабарлайды NUR.KZ.

Шаханов, Құдайберген. Фото: Instagram

Шаханов, Құдайберген. Фото: Instagram

Бұл жайында Қайрат Құдайберген Instagram парақшасында жазды.

"Бүгін Мұхтар Шаханов ағамызбен кездестім. Көп нәрсе туралы сөйлестік. Бұл дана адамның білетіні алтын қазына, ойы түпсіз терең мұхит. Бұндай ахуалға ұшырағаны, оның адамдарға сенгені. Біреуге бой ұсынып, намысын сатпағаны. Елім, жерім деп шырылдағаны.

Ия, үй қарызы мен оның бір жылдық мәселесін шештік. Бірақ ең маңызды мәселе, бұл Мұхтар ағамыздың журналын оралту. Қарызы 46 миллион теңге болған. Оның он миллион теңгесін өзі тапты. Қалғанын қайдан табарын білмейді. "Елден сұрауды ұят" дейді.

Сонда қазақтың ел тірегін көтерген, жеріміз тәуелсіз болуға тікелей қатысқан, тіл мәселесі мен желтоқсан оқиғасы туралы шындықты дүниежүзілік деңгейде таратып, анық ақпаратты берген данышпан ағамызға көмек бере алмасақ, біздің қазақи намысшылдығымыз бен ұяттылығымыз бес тиын да тұрмайды. Ертең мен ағамыздың жаңа есеп-шотын аламын. Көмек берем десеңіз қосылыңыз", - деді миллионер.

Айта кетейік, бұған дейін Шаханов бірнеше айдан бері пәтерақысын төлей алмай жүргенін және айлық берілмегенін мәлімдеген еді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
5
2
68
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір