RU
Анасымен ауруханада жатқан белгілі әншінің ұлы жұрттың жүрегін елжіретті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Анасымен ауруханада жатқан белгілі әншінің ұлы жұрттың жүрегін елжіретті

Рассказать Вконтакте

Елімізге өзінің ерекше стилімен және сымбатымен танымал болған әнші Лидо баласының ауруханада айтқан сөздерін жазып, көптің жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ.

Лидо. Фото: Instagram

Лидо. Фото: Instagram

Ол қызуы көтерілген ұлымен жұқпалы аурулар бөлімінен бір-ақ шыққан.

Бұл жайында Лидо Instagram парақшасында жазды.

"Ұлым Рахманмен Дубайға бармас бұрын жұқпалы аурулар бөліміне жатып шықтық. Ыстығы көтерілген балам кешкісін "Мама, ауруханада жатқан сондай керемет иә?" деді. Мен таңданып, "Неге ұлым? Саған дәрі егеді. Аурухананың несі жақсы?" деп сұрадым. Сөйтсем,"Өйткені, сен жанымдасың ғой. Менімен бірге мультик көресің", - деп қойып қалды.
Қорытындылай келе айтарым, балаға көп көңіл бөліңіздер. Біз оларға өте қажетпіз. Балапандарымыз аман болсын! ", - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel