RU
Роналдудың бұрынғы ғашығы Ирина Шейкті әлі ұнататыны белгілі болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роналдудың бұрынғы ғашығы Ирина Шейкті әлі ұнататыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Мадридтік "Реал" футбол командасының жарық жұлдызы Криштиану Роналду бірнеше жыл бұрын кездескен ресейлік модель Ирина Шейкті әлі күнге дейін сүйеді екен. The Sun басылымының мәліметінше, спортшы өзінің достарына шынайы сезімі туралы өзі айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Криштиану Роналду мен Ирина Шейк. Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес. Фото: youtube.com

Криштиану Роналду мен Ирина Шейк. Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес. Фото: youtube.com

"Ол - мен абайсызда айырылып қалған ару", - деп достарының ортасында ағынан жарылған футболшының сөзін шетелдік басылым жариялаған.

Криштианудың достары айтып бергендей, ол Шейкпен қарым-қатынасы үзіліп қалғанына әлі күнге дейін өкініп, оның өмірі туралы жиі сұрастырып жүретін көрінеді.

Португалиялық азаматтың сөзіне сүйенсек, жұлдызды жұптың айрылысуына модельдің балалы болғысы келгені себеп болған екен.

Қазір футболшының төрт баласы барына қарамастан, бір кездері ол тек кәсібі туралы ғана ойлапты. "Шейк тастап кетеді" деген ой Роналдуды ешқашан мазаламаған көрінеді.

Қазір Криштиану Роналду өзіне былтырғы жылы қыз туып берген испаниялық Джорджиана Родригеспен кездесіп жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
0
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel