RU

Ғалымдар жалқау адамдардың ақылды болатынын дәлелдеп шықты

Флорида университетіндегі америкалық ғалымдар жалқаулық жоғары интеллектінің белгісі екенін дәлелдеп шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалқаулық. Көрнекі фото: Oxu.Az
Жалқаулық. Көрнекі фото: Oxu.Az: UGC

Зерттеушілер 60 адамға тәжірибе жүргізген. Олар алпыс адамды күн ұзаққа бақылап, олардың бос уақытында немен айналысатынын анықтамақ болады.

Нәтижесінде физикалық белсенді келетін адамдардың айтарлықтай ақылымен мақтана алмайтыны анықталған. Зерттеушілер ақылын пайдаға асыра алмайтындардың "аяқ-қолы тынымсыз болатынын" алға тартуда.

Ал керісінше, аз қимылдаған азаматтар жоғары интеллектіге ие екенін байқатады. Күн ұзаққа диванда отыратындар көп ойланғанды ұнатады дейді ғалымдар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726847-galymdar-zalkau-adamdardy-akyldy-bolatynyn-dleldep-sykty.html