RU
БАҚ: Токио Олимпиадасына Қазақстаннан екі ауыр атлет ғана қатысады
Жаңалықтар Әлемде

БАҚ: Токио Олимпиадасына Қазақстаннан екі ауыр атлет ғана қатысады

Рассказать Вконтакте

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) допинг дауына байланысты жаңа ережелер қабылдауда. Соның салдары қазақстандық ауыр атлеттерге де тиіп тұр деп жазады Massaget басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

БАҚ: Токио Олимпиадасына Қазақстаннан екі ауыр атлет ғана қатысуы мүмкін

БАҚ: Токио Олимпиадасына Қазақстаннан екі ауыр атлет ғана қатысуы мүмкін

Күні кеше Reuters басылымы IWF ережелеріне қатысты жаңа деректер жариялады. Онда 2008 жылдан 2018 жылға дейін антидопинг ережесін ең көп бұзған елдерге қатысты шешімнің бір ұшы айтылған.

Бұл аралықта спортшылары допингпен ұсталған құрамалар қатарын Ресей, Қазақстан, Армения, Әзірбайжан мен Беларусь елінің спортшылары бастап тұр.

Басылым ақпараты бойынша, жоғарыда аталған 5 мемлекет Токио Олимпиадасына 2 спортшыдан ғана қатыстыра алады. Яғни, бір ер және бір әйел спортшы.

Ал 2020 жылдың сәуір айына дейін бұл ел спортшылары тағы бір допингпен ұсталса, Олимпиада ойындарынан шеттетіледі.

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының (IWF) жаңа ережелері мен талаптарын Халықаралық Олимпиада Комитеті (IOC) мен көптеген елдердің федерациялары қолдауда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір