RU
Сауда орталығындағы фонтанға шомылған жігіт елдің ашуын келтірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Сауда орталығындағы фонтанға шомылған жігіт елдің ашуын келтірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі ірі сауда орталықтарының бірінде шешініп, жартылай жалаңаш фонтанға шомылған жігіт елдің ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Әлеуметтік парақшалардың бірінде тараған видеоны көргендер, оқиға бас қалада болған деп айтуда.

Видеодан сырт киімдерін шешіп, тек лыпасымен қалған жігіт жедел саты арқылы жүгіре жөнеледі. Сондай-ақ төменгі қабатта тұрған фонтанның суына секіріп, шомылған. Судан шыға сала, сауда орталығының ішінде жүгіреді.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары белгісіз азаматты сынға алды. "Мынаның есі дұрыс па?", "Масқара", "Саудың асын ішіп, аурудың ісін жасағаны несі?", "Іш киімін шешпегеніне шүкір" деді олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір