RU
Үш айлық сәбиін желкелей жөнелген безбүйрек ана жаға ұстатты (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Үш айлық сәбиін желкелей жөнелген безбүйрек ана жаға ұстатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Туған баласының жер-жебіріне жетіп, аяусыз ауыр сөз айтқан ана елдің жағасын ұстатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Әлеуметтік желіде таралған видеода, белгісіз әйел үш айлық сәбиін желкелеп, ауыр сөздер айтқан.

"Сенің кесіріңнен осындай жағдайға тап болдым. Сенің кесіріңнен үйде отырмын. Одан да сені алдырып тастағаным жақсы еді. Сені жек көрем", - дейді келіншек баласына.

Сондай-ақ, ол кішкентай нәрестені жастықпен ұрып, мойнынан қысқан. Ол аздай баланың жылағанына қарамастан, жұлқылаған.

Айта кетейік, келіншек видеоны күйеуіне көрсетемін деп, қателесіп танысына жіберіп қойған. Мұны көрген әйел бірден құқық қорғау орындарына шағымданған.

Қазір балақайды анасынан тартып алып, әкесіне берген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
4
3
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір