RU
Бал айында жүкті әйелін тістелеп өлтірген азамат 25 жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Бал айында жүкті әйелін тістелеп өлтірген азамат 25 жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

32 жастағы Софи Даененді өзінің күйеуі аяусыз тістелеп, нәтижесінде аяғы ауыр әйел сансыз жарақаттар салдарынан көз жұмды. Ер адамның қылмыстық әрекеті расталып, мысыр соты оған 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті деп хабарлайды woman.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Белгиялық азаматша Софи Даенен өзі сүйген жігітіне тұрмысқа шыққан. Оны тіпті Грегори Ванде Вейверенің бұрынғы әскери қызметкер екені де тоқтатпапты. Алайда бұл некеге Софидің ата-анасы түбегейлі қарсы болған. Өйткені, олар ер адамның үйленбей тұрып, сүйіктісіне жиі қол көтеріп тұрғанынан хабардар болыпты

Дегенмен ешкімді тыңдамаған әйел бәрібір өз айтқанын жасап, Грегориге тұрмысқа шығады. Олардың үйлену тойына Софидің ата-анасы қатыспаған. Қыздарының шешімін құптаған олар тойға баруға бас тартса керек.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Қайғылы оқиға ерлі-зайыптылардың Мысырға бал айына барған кезінде орын алды. Өзара келіспеушілік нәтижесінде Грегори жүкті әйелін соққыға жығып, артынша аяусыз тістелеп тастаған. Белгиялық азаматша сансыз жарақаттар салдарынан көз жұмды.

Грегори Ванде Вейвере екі күннен кейін полиция бөліміне өзі барып қылмысын мойындаған.
Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Мысыр соты әйелін аясыз өлтірген қылмыскерге 25 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
13
6
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel