RU

Қарттар үйінде ән салған Мәдина Сәдуақасова көпшілікті сүйсінтті (видео)

Мәдина Сәдуақасова гастрольдік сапары барысында қарттар үйінде ән салып, елдің ықыласына бөленді деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәдина Сәдуақасова. Фото: Instagram
Мәдина Сәдуақасова. Фото: Instagram: UGC

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жариялады.

"Ақтау қаласындағы концертімнің алдында қарттар үйіне соғып, сол жерде кішігірім концерт қойдық. Үлкен кісілердің көңілдерін аулап, ақ баталарын алып қайттым..

Әрине, тағдырдың жазғанына шара бар ма?! Бірінің балалары өмірден ерте өтіп, ата-анасы жалғыз қалды. Енді бірінің балалары ата анасына уақыт таба алмады.

Әттең, алдымызда не күтіп тұрғанын ешбір пенде білмейді ғой! Ата-аналарымызды қадірлейік, құрметтейік, ағайын" - деп жазбасын аяқтады әнші.

Ал әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларын сүйсінтті.

"Жарайсың, Мәдина", "Алланың нұры жаусын", "Дұрыс жасапсың, Мәдина. Қарттардың батасын алғаның, есті адам екеніңді білдіреді" деп жылы лебіздерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726889-karttar-jinde-n-salgan-mdina-sduakasova-kpsilikti-sjsintti-video.html