RU
ШҚО-да ішімдікке сылқия тойған әкім орынбасары адам қағып өлтірді
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да ішімдікке сылқия тойған әкім орынбасары адам қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

ШҚО-ның Риддер қаласы әкімінің орынбасары мас күйінде он тоғыз жастағы ер баланы көлігімен қағып, мерт қылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Белгілі болғандай, оқиға кеше кешкі сағат 21:00 шамасында орын алған. ШҚО ІІД мәлімдеуінше, «BMV X5» көлігі Айдарханов көшесінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 19 жастағы бозбала оқиға орнында қаза тапқан.

ШҚО ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, көлік жүргізушісі 45 жастағы Риддер қаласы әкімінің орынбасары және оның мас күйде көлік айдағаны белгілі болған. Қазіргі таңда, белді шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Риддер әкімдігінің сайтындағы мәліметке сай, қала әкімінің орынбасары ретінде – 45 жастағы Бауыржан Құрманбаев есімді азамат көрсетіліп тұр. Құзырлы органдар атқамінердің аты-жөнін жарияламай, әзірге құпия сақтап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
5
5
8
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір