RU
Даниял Ахметов адам қағып өлтірген шенеуніктің ісін өз бақылауына алды
Жаңалықтар Қоғам

Даниял Ахметов адам қағып өлтірген шенеуніктің ісін өз бақылауына алды

Рассказать Вконтакте

ШҚО әкімі Даниял Ахметов Риддер қаласы әкімі орынбасарының мас күйде 19 жастағы бозбаланы өлтіріп алған ісін қатаң қадағалауға алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бүгін ШҚО аппараты жетекшісі Ринат Омаров облыс басшылығы атынан марқұмның отбасына көңіл айтып, жерлеу рәсіміне кететін шығынға көмектесетіндіктерін жеткізген.

"Таңертең марқұмның отбасына барып, көңіл айттық. Іс облыс әкімінің қатаң бақылауында. Оқыс оқиға заң шеңберінде қаралатын болады және айыпты жазадан құтылып кетпейтініне кепіл береміз", - дейді облыс атқамінерлері.

Қазіргі таңда ІІД аталған мәселемен айналысуда.

"Айыпталушы ретінде Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев танылып, ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Облыс әкімінің тапсырмасымен аталған іс жеке өзімнің бақылауында болады", - деді ШҚО ІІД басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Айта кетейік, кеше ШҚО Риддер қаласы әкімінің орынбасары 19 жастағы ер баланы қымбат көлігімен қағып кеткен еді. Белгілі болғандай, 45 жастағы көлік жүргізушісі мас күйде болған. Ал, бозбала оқиға орнында қаза тапқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір