RU

Головкиннің жанкүйері сүйікті боксшыcының суретін басына салғызып алды (фото)

Америкалық шаштараз Мигель Росас әйгілі боксшы Головкинге арналған жұмысын жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Головкин. Фото: Twitter
Головкин. Фото: Twitter: UGC

Бұл жайында танымал шаштараз Twitter парақшасында жариялаған.

Оның клиенттерінің бірі басына Головкиннің суретін салғызыпты. Америкалық шаштараздың жұмысын боксшының промоутері Том Леффлер желідегі парақшасында бөлісті.

Айта кетейік, бұл Мигель Росастың алғашқы жұмысы емес. Ол осыған дейін де талай жұлдыздың портретін шашқа қиып салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726947-golovkinni-zankjeri-sjikti-bokssycyny-suretin-basyna-salgyzyp-aldy-foto.html