RU
Қытайлық жігіт қазақ қыздарына бір көргеннен ғашық болып қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қытайлық жігіт қазақ қыздарына бір көргеннен ғашық болып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгінде Қазақстанның ЖОО-да оқитын шетелдік студенттер саны аз емес. Олардың ішінде Қытай елінен келетін тәлімгерлер де бар. Weproject.kz басылымына берген сұқбатында қытайлық студенттер Алматыдағы өмірі туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақ қыздарына бір көргеннен ғашық болған қытай жігіті олардың сұлулығына тәнті болған

Хао Хэлин. Фото: Weproject.kz

Алматыға Үрімшіден білім қуып келген Хао Хэлин - 23 жаста. Оның айтуынша, мұнда орыс тілін үйрену үшін келген. Хао Хэлин Алматы секілді әдемі табиғаты бар қаланы еш жерден кездестірмегенін айтады. Сондықтан ол бұл жерде оқуға бірден келіскен.

Қазақ қыздарына бір көргеннен ғашық болған қытай жігіті олардың сұлулығына тәнті болған

Фото: Weproject.kz

Сонымен бірге, ол Қазақстандағы еттің дәмді әрі арзан екеніне де таңғалған. Себебі, Қытай еліндегі ет мүлдем дәмсіз, дейді ол. Ал қазақтың асылған етін ол өте дәмді тағам екенін мойындап, оны тіпті қолмен жеуге үйреніп алғанын жеткізді.

Қазіргі таңда қазақ тілін үйреніп жүрген жігіт болашақта Қытай мен Қазақстан арасында жұмыс істейтін маман болғысы келеді.

Силин-Хото қаласынан келген Сильинху болса мұнда заң факультетінде білім алуда. 24 жастағы жігіт Алматыда қытай асханасының аздығына алаңдады. Оның айтуынша, нағыз қытайлық тағамдарды әзірлейтін орындар қалада жоқтың қасы.

Қазақ қыздарына бір көргеннен ғашық болған қытай жігіті олардың сұлулығына тәнті болған

Сильинху. Фото: Weproject.kz

Бешбармақты жақсы көретін жігіт қазақ қыздарының сұлулығына тәнті болып, оларға бір көргеннен ғашық болғанын жеткізді.

"Қазақ жігіттері осында тұратынына және әйелдердің мұндай сұлулығына күнде куә болатынына мақтанып жүруі керек", - дейді ол. Бір қызығы, Сильинху Қазақстандағы судың да дәміне тәнті болыпты. Айтуынша, оның туған жеріндегі су да дәмсіз.
Қазақ қыздарына бір көргеннен ғашық болған қытай жігіті олардың сұлулығына тәнті болған

Сильинху. Фото: Weproject.kz

Болашақта Қазақстанда қалғысы келетін ол жеке кәсіп ашу да ойда бар екенін айтып қалды.

Үрімші қаласынан Алматыдағы журналистика мамандығы бойынша білім алуға келген 22 жастағы Цзо Аньни есімді бойжеткен болса, Алматыда көше биіне үйрететін студия ашқысы келетінін айтады.

Қазақ қыздарына бір көргеннен ғашық болған қытай жігіті олардың сұлулығына тәнті болған

Цзо Аньни. Фото: Weproject.kz

"Қазақтарды мейірімділігі үшін жақсы көремін. Бұл жақта Наурыз мейрамы болған сайын тегін палау, бауырсақ, ұлттық сусындар беретінін көріп, таңғалғанын айтады.

"Қытайда мұндайды еш жерден көрмегем. Енді Наурыз - біздің сүйікті мерекемізге айналды. Бешбармақты жақсы көріп қалған бойжеткеннің айтуынша, Қазақстан оның екінші отанына айналған.
Қазақ қыздарына бір көргеннен ғашық болған қытай жігіті олардың сұлулығына тәнті болған

Цзо Аньни. Фото: Weproject.kz

"Қазақстан маған екінші үй сыйлады. Жаңа достарым мен мүмкіндіктерге ие болдым. Оқу бітірген соң еліме қайта оралсам да, осындағы адамдардың барлығымен қарым-қатынасымды үзбеймін. Болашақта жұмысым Қазақстанмен байланысты болатынына сенемін, Қытайда болсам да, екінші Отаныма көмектесіп тұрамын", - дейді ол.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
6
15
27
3
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір