RU

Шашын өріп алған отандық әнші елді күлкіге қарық қылды (фото)

Отандық әнші, «Орда» тобының мүшесі Есболат Беделхан шашын өріп, елді күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Есболат Беделхан. Фото: Instagram
Есболат Беделхан. Фото: Instagram: UGC

Әнші суретін Instagram парақшасында жариялаған.

"Ал хейтерлер үшін", - деп жазба қалдырды ол.

Есболат Беделхан қолаң шашымен үнемі ел назарында жүреді. Бірде шашын жайып, дастархан басында көзге түссе, енді бірде шашын жартылай алып тастап, екіге буып қойып, көзге түсті.

Әншінің бұл жолғы шаш үлгісі де желі қолданушыларын таңдандырмай қоймады.

"Не деген шаш?", "Шығармайтыныңыз жоқ", "Арнайы хейтерлер үшін" деп күлкіге қарық болды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726991-sasyn-rip-algan-otandyk-nsi-eldi-klkige-karyk-kyldy-foto.html