RU
Байлыққа кенелген ұрылар ойда-жоқта олжасынан қағылды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Байлыққа кенелген ұрылар ойда-жоқта олжасынан қағылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда туристік агенттікті тонаған ұрлықшы олжасынан айырылып қалды. Ол ұрлап шыққан қомақты қаржыны қатты соққан жел ұшырып әкеткен. Оқиға Үлкен Манчестер графтығы көшелеріндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Оқиға 17 наурыз күні Дройсленд қаласында орын алған. Ұрлықшы қаладағы туристік агенттіктердің біріне баса көктеп кіріп, қомақты қаражатты алып шықты.

Байлыққа кенелген қылмыскер қашуға ыңғайлы болу үшін ақшаны қалтасына салып қойған. Алайда далаға шыға бергенде, қатты соққан жел қаражаттың бәрін ұшырып әкетті.

Ұрлықшы олжасын термей, бірден тайып тұрған.

Үлкен Манчестер полициясы енді оқиға куәгерлерінен ақпарат жинап жатыр. Қылмыскер анықталғаннан кейін міндетті түрде қылмыстық іс қозғалмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір