Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото)

Опубликовано:

ОҚО-да бүйрек пен өттегі тас-тұзды жойып жіберетін емдік суға сұраныс артуда, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото)
Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото): UGC

Оңтүстік Қазақстан облысы, таулы аймақ Қазығұрт ауданында бүйрекке жиналған тас пен тұзды емдейтін шипалы су бар. Аталған судың ерекшелігі, оның күнделікті ас суы ретінде қолдансаңыз жеткілікті. Ағзадағы ауырсынулар барлығы өздігінен кетеді екен.

Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото)
Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото): UGC

Көктөбе суын тұтынғалы бері бүйректегі тас пен тұздан арылған қазығұрттық келіншек Гүлмира Рақымжанова дертінен қалай сауыққанын былайша жеткізді.

"Көктөбе суының емдік қасиеті туралы бұрындары еститінмін. Өзімнің әкем де сол судан дертінен айықты. Өзім соңғы бір жылдан бері сол суды үзбей тұтынып келемін. Дәрігерлер бүйрегімде тас пен тұз жиналған деген диагноз қойды. Дереу осы суды тұтына бастап едім, дертімнен сауығып кеттім. Дәрігерлердің өзі таңғалды. Қазір отбасымызбен таудағы бұлақ арқылы келетін сол суды ішеміз. Тамақты да сол сумен дайындаймыз. Күн сайын жолдасым алып келеді. Туыстарымның да сол суды тұтына бастағанына біраз болды", - деген келіншек бұлақ суының емдік қасиеті тіпті көрші Өзбекстан елінің дәрігерлерін де таңқалдырғанын айтып берді.

Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото)
Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото): UGC

"Жасы шамамен елудегі ауылдың бір әйел азаматы қатты сырқаттанып, тіпті Өзбекстанға ота жасатуға дайындалып жүрген болатын. Тексеруден өтіп, отаны бір айдың ішінде жасататын болып келісіпті. Ауылға келген ол Көктөбе суын тұтынып, Ташкентте қайта тексеруден өткен ғой. Бүйректегі тастың бірі де қалмапты. Өзбекстандық дәрігерлер "Қалай емделіп келдің?" деп қатты таңғалып, тіпті сол суға өздері де қызыға бастапты дегенді естігенім бар", - дейді Гүлмира.

Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото)
Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото): UGC

Тұрғындардың берген мәліметінше, Қақпақ ауылдық округінен бастау алған тау етегінен ағатын бұлақ суы жер асты құбыры арқылы Тұрбатқа жеткізілген. Бұл су республикалық Ішкі аурулар және кардиологиялық зерттеулер институтының қорытындысымен расымен де емдік қасиеті бары анықталған. Тек бүйрек пен өттегі таc-тұзды емес, ас қорыту, жүрек-қан тамыр ауруларына да шипасы бар екен.

Тоқтаусыз ағып тұратын емдік судың басына барғанымызда шымкенттік тұрғынмен тілдестік.

"Осы судың емдік қасиеті туралы туыстарымнан естіп келіп отырмын. Біршама уақытқа жететіндей етіп алып кетпек ниеттемін. Бұлақ суының зияны жоқ дейді ғой", - дейді Ермек Момынов Көктөбе.

Көктөбе суын аталған ауылдың әкімі де тұтынып, дертінен айыққан болып шықты.

Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото)
Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото): UGC

"Менің бұл ауылдық округе әкім болып сайланғаныма көп уақыт бола қоймайды. Келе салып осы суды тұтынып жүрмін. Тек бүйрек пен өтті тазалап қана қоймай, асқазан жарасы барларға да емдік қасиеті бар бұл судың. Өзім асқазаным мазалап, осы суды іше бастадым. Алғашында ауырсынулар болды. Кейін ағзам үйреніп кетті. Күн сайын аш қарынға бір стақанын ішіп жүрмін. Балаларыма да беремін. Біздің ауылдың көптеген халқы осы суды ауыз су ретінде пайдаланады", - дейді ауылдық округ әкімі Сәкен Атымтаев.

Шенеуніктің сөзінше, бұрындары бұлақ суы елге танымал болғаны соншалық, тау басында кезекке тұратындар да болған екен ал қазір бұл суды көбі біле бермейді деген ол бәлкім осы мақаладан соң халық естіп, дерттерінен сауығып қалар деген үміті барын жасырмады.

Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото)
Дертіне шипа іздеген жұрт ОҚО-дағы шипалы суға ағылып жатыр ( фото): UGC

Сөзінің соңында турзим саласын дамыту бойынша барынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқан Тұрбаттың әкімі егер өз кәсібін дөңгелетемін дегендер табылса, жергілікті билік қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727006-dertine-sipa-izdegen-zrt-oko-dagy-sipaly-suga-agylyp-zatyr-foto/

pixel