RU
Сапарбаев қызметінен кетсе немен айналыспақ?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сапарбаев қызметінен кетсе немен айналыспақ?

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Жас Алаш" басылымына берген сұқбатында зейнеткерлікке шыққаннан кейін жастарды тәрбиелегісі келетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: abctv.kz

Фото: abctv.kz

"Ұзақ жыл бойы аттың үстінде келе жатырмын. Өзім экономика ғылымының докторы, профессормын. Қызылордада, Шымкентте, Өскеменде студенттерге дәріс оқыдым. Қазір де Ақтөбеде экономика жағынан қосымша сабақ беремін. Алла бұйыртып зейнеткерлік демалысқа аман-есен шығатын болсам, жастарға сабақ берсем деймін", - деген әкім қызметінің жайын президент шешетінін айтады.

"Жасырмаймын, жастарға орын беру мәселесін мен де ойлаймын. Іскер жастарды дайындауымыз керек. Болашақ жастардың қолында. Кеше ғана мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин біздегі адвокаттар қоғамының басшысы 37 жылдан бері бір қызметте істеп келе жатқанын айтып қалды. Енді өз басыма келер болсақ, менің қызметімнің жайын президент шешеді. Әрине, өмір бақи қызмет істемейсің ғой. Жастарды тәрбиелеп, орын беріп, зейнеткерлікке шығуды да қарастыру керек", - дейді Сапарбаев.

Сұқбат барысында облыс әкімі бірден әкім, бастық болғысы келетін жастарға да өз ақылын берді.

"Шынымен де, жұрттың бәрі бірден әкім болғысы келеді. Әкім болып бұйрық беру олар үшін бір ғанибет. Бірақ сол биікке табандап жетуді білмейді. Әкім болу үшін де көптеген баспалдақтардан өту керек. Содан болар, бүгінде көп адамдар мемлекеттік қызметке барғысы келмейді. Жалақысы аз, жұмысы көп деген сияқты себептер бар. Жас жігіттерді, әсіресе шетелде білім алып келген жігіттерді жұмысқа шақырсаң, "мені ауданға немесе Ақтөбе қаласына әкім қып тағайындасаңыз, болмаса сізге орынбасар болып келсем" деп ойларын ашық айтады. "Айналайын, ол үшін біраз еңбек етіп, тер төгу керек, тәжірибе жинақтау қажет" десем келіспейді.

Сол сияқты 50-60 мың теңге жалақысы бар жай қызметкер болуға да жастардың құлшынысы аз. Ең кем дегенде 100 мың теңге жалақы талап етеді. Халықпен кездескен кезде осы мәселе көп айтылады. "Жастар келіп жұмыс істеп көрсін" деп жатамыз. Ол үшін күні-түні шаршамай, таза, адал жұмыс істеу керек", - дейді Бердікбек Сапарбаев.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
3
19
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір