RU
Ереванда мыңдаған адам экс-президенттің билікке қайта келуіне қарсы шықты (фото, видео)
Жаңалықтар Әлемде

Ереванда мыңдаған адам экс-президенттің билікке қайта келуіне қарсы шықты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Арменияда экс-президент Серж Саргасянның премьер-министрлікке ұсынылуына қарсы ауқымды наразылық акциясы болып жатыр. Мыңдаған адамдар парламент ғимаратының алдына жиналып, көшелердегі қозғалысты қиындатқан деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: twitter.com

Фото: twitter.com

"Азаматтық келісім" оппозициялық партиясының басшысы Никола Пашинян наразылық акциясын бастауға үндеу салып, қалың көпшілікті барынша қарсылық танытуға шақырды. Оның айтуынша, мұндай митинг Гюмри қаласында да болып жатыр.

Сондай-ақ, жүздеген наразылар Қоғамдық радио ғимаратына баса көктеп кіріп, Никола Пашинянмен бірге тікелей эфир ұйымдастыруды талап еткені белгілі болды.

Ол жерде көп болмаған. Басшыларының хабарламасынан кейін ғимараттан шығып кеткен көрінеді.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, бұл әрекеттердің барлығы заңсыз болып саналады. Алайда, наразылық танытушыларға қатысты тәртіп сақшылары күш қолданбаған.

Қазіргі таңда, Армения парламеттік басқаруға көшкендіктен, ел президенті өз мүмкіндіктерінде шектелді. Ал негізгі басқару премьер-министр иелігіне өткен.

Парламеттегі сайлау 17 сәуір күні өтпек. Осыған орай басқарушы партия Серж Саргосянды сенбі күні премьер-министр лауазымына үміткерлер қатарына қосқан болатын.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір