RU
Жиіркенемін: Мирзияев мұғалімдерге көше сыпыртқан шенділерді жұмысынан қумақшы
Жаңалықтар Әлемде

Жиіркенемін: Мирзияев мұғалімдерге көше сыпыртқан шенділерді жұмысынан қумақшы

Рассказать Вконтакте

Сырдария облысы Сайхунабад ауданы тұрғындарымен кездескен өзбек президенті Шавкат Мирзияев мұғалімдерді мәжбүрлеп көше тазалатуға шығарған шенеуніктерді қатты сынады деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Узбекистан

Фото: Sputnik Узбекистан

Мемлекет басшысы Самарқан облысында мерт болған жас мұғалім Диана Еникееваның өліміне өзін кінәлі санайтынын айтты. Еникееваны президент сапары қарсаңында жол бойын жинау кезінде КамАЗ басып кеткен еді.

Мұғалімдерді мәжбүрлеп жұмысқа шығарған шенеуніктер қызметтен қуылатынын президент қатты ескерткен.

13 сәуірде Сайхунабад ауданының белсенділерімен кездескен Шавкат Мирзияев ұстаздардың аббаттандыру жұмыстарына тартылуын алғаш мәрте сынады.

Сонымен бірге мемлекет басшысы аймақтарға сапары қарсаңында шұғыл түрде жасалатын "көзбояушылық" жұмыстардан хабардар екенін мәлімдеді.

"Маған бұл аймақ туралы мәліметтерді сапардан бір күн бұрын жеткізеді. Бірақ көптеген орындарда "көзбояушылық" көп кездеседі. Шынымды айтсам, маған өте ыңғайсыз, бұның бәрінен жиіркенемін. Мұғалімдерге айналаны жинастырып, көше сыпырту - мені ғана емес, менің саясатымды сату", - деді Мирзияев.

Сайхунабад ауданындағы кездесуде Мирзияев "мақтан сөздер" мен "түрлі жиналыстарда арнайы дайындалған адамдардың мадақтауларынан" жалыққанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
56
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір