RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады

Рассказать Вконтакте

17 сәуір күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, тек батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Жауын. Көрнекі фото: WallBox.ru

Жауын. Көрнекі фото: WallBox.ru

Еліміздің кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте шаңды дауыл болып, бұршақ, солтүстікте көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді, жекелеген аудадарында бұршақ болуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде және Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген аудандарында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болуы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау және Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір