RU
ОҚО-да журналистерге ауылдың мәселесін айтқан ақсақалды қорқытып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да журналистерге ауылдың мәселесін айтқан ақсақалды қорқытып кеткен

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының құрметті азаматы Дүйсенбек Сазанбекұлы журналистерге ауылдың мәселесін айтамын деп, өмірімен қош айтыса жаздады. Белгісіз біреулер оны алдап әкетіп, қоқан-лоққы көрсеткен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: КТК арнасынан скриншот

Фото: КТК арнасынан скриншот

Ауылда өткен жиналыстың ертесінде Дүйсенбек Сазанбекұлын үш ер адам жергілікті телеарнаға сұхбат беріңіз деп үйінен алдап әкетіпті. Зейнеткерді көлікке мінгізіп алғаннан кейін жас жігіттер күш көрсетіп, телефонын тартып алған. Қаланың сыртына апарып, "Ақпарат құралдарына ауылдағы проблемаларды айтып, неге сұхбат бересің?" -деп қоқан-лоқы көрсеткен. Осыдан кейін оны айдалаға тастап кетіпті.

Үйіне әрең жеткен ақсақал қазір ем қабылдап жатыр. Ал, осы оқиға бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғапты. Күдікке ілінген үш азаматты ұстап, Ішкі істер департаментіне жеткізген. Олар Шымкент қаласының тұрғындары екен. Күдіктілердің қарияға неге қоқан-лоққы көрсеткені әзірге белгісіз.

"Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіміне тіркелді. Өзінше билік ету бабы бойынша тергеу амалдары жүргіліп жатыр. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері мен жедел іздестіру жұмыстарының барысында күдікті ретінде үш азамат анықталып, Ішкі істер департаментіне жеткізілді. Олар үшеуі де Шымкенттің тұрғындары болып шықты", - дейді ОҚО Ішкі істер департаменті Баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
19
1
8
2
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір