RU
Маңғыстауда 9 жасар бала токқа түсіп көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауда 9 жасар бала токқа түсіп көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы, Дәулет ауылының тұрғыны тоғыз жасар Елдар Құлбеков токқа түсіп қайтыс болды. Ол аулада ойнап жүріп, электр бағанасына тартылғалы жатқан қалың сымды ұстап алған деп хаюарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Елдар өз үйінен 500 метрдей жерде ойнап жүріп, сымды ұстап қалады. Осы кезде алыс жерде жүрген жұмысшылар оны байқамай, бес шақырымдай жерден сымды жоғарыға тарта бастаған. Сыммен бірге көтерілген бала бағанаға қатты соғылған. Бірнеше метр биіктіктен құлаған мектеп оқушысы сол жерде жан тапсырды. Енді қаза тапқан баланың туыстары бұл оқиғаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан компанияны кінәлап отыр.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы бұл қазаға электр бағаналарына сым тартып жатқан компанияның жауапсыздығы себеп болды деп отыр. Айтуларынша, жөндеу жұмыстары жүргізілген аумақты ешкім бақыламаған. Ал осы шаруаны атқарған «Әлнұр» компаниясының басшылығы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме бермеген. Әкімдіктегілер болса, бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанынан ғана хабардар етті.

23-ші сәуір күні Елдардың 10 жасын тойлаймыз ғой деп отырғанда, қара жамылып қалған отбасы енді мердігер мекемені сотқа бермекші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
14
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір