RU
Шымкент зообағының өкілдері: Бағаны қымбат десеңіз, жануарларды желіден көріңіз
Жаңалықтар Қоғам

Шымкент зообағының өкілдері: Бағаны қымбат десеңіз, жануарларды желіден көріңіз

Рассказать Вконтакте

Шымкент зообағының қызметкерлері аталған мекемеге кіру ақысы қымбаттағандықтан, тұрғындарға жануарларды Youtube желісі арқылы көруге кеңес берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінен бастап Шымкент зообағына кіру құны 500 мтеңгеге өсетін болды. Осыған дейін аталған баққа кіру үшін тұрғындар 24 теңге 05 тиын төлеп келген болатын. Бұл туралы зообақтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жария етілді. Ал мектеп жасына дейінгі балаларға, ардагерлерге және I, II-топтағы мүгедектерге (6 жасқа дейін) зообаққа кіру құны – тегін екен. Мектеп жасындағы балаларға (6 жастан 17 жасқа дейін) – 50 пайыз жеңілдік қарастырылыпты.

"...Бұл баға әлі де болса еліміз бойынша ең арзан. Мысалы, сіз бір сағаттық кино тамашалау үшін мың теңгеден көп ақша төлейсіз. Ал, зообақта жануарлар жайлы біліп, тірідей көріп, одан бөлек күйбең тіршіліктен бір сәт демаласыз.

Мәселен, қаламыздағы саябақтарда кішкентай балалар ойнау үшін ойыншық автокөліктер жүреді. Оның құны аз ғана уақытқа - 500 жүз теңге. Сондай-ақ шаһарымызда маусымдық динозаврлар әлемі қойылады, оның кіру ақысы - 1000 мың теңге. Оның өзі ойыншық динозаврлар.

Ендеше зообақтағы жануарлардың азығы, олардың дәрі-дәрмегі, мұның бәрі көп қаржыны және күшті қажет етеді. Зообақты күтіп ұстау құны өзін-өзі ақтауы тиіс. Егер қымбат деп ойласаңыз, интернет дамыған заманда "Youtube" секілді желілерден де барлық жануарды қарауға болады", - деп жазылған зообақтың желідегі парақшасында.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Осы ретте біз тілшілер зообақтың баспасөзбен байланыс бөліміндегі арнайы өкілі Дастан Башировты сұхбатқа тартып көрген.

"Біраз жерлерде кіру ақысы бүгіннен бастап деп жазып жатыр екен, ол дұрыс емес. Нақты күні зоопарктың парақшасында жазылған. Бұған дейін кіру ақысы 24 теңге 05 тиын болған. Кіру ақысының неліктен қымбаттау жағын білмеймін, облыс әкімінің қаулысы бойынша шыққан", - деді зообақ өкілі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel