RU

Алматыда Esentai Mall сауда орталығына "жарылғыш зат" қойылды

Алматы қаласындағы Esentai Mall сауда орталығына "мина" қойылған деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lhk.kz
Фото: lhk.kz: UGC

16 сәуір күні кешке ІІД қызметкерлері сауда орталығында жүрген адамдарды дереу эвакуациялаған. Оларға ғимаратың ішіне "жарылғыш зат қойылды" деген хабарлама түсіпті. Алайда тексеру барысында мамандар қауіпті затты таба алмағандықтан, сауда ойын-сауық орталығы қалыпты жұмысына қайта көшкен.

Айта кетейік, осыған дейін де төтенше жағдай департаментіне білгісіз азаматтардан жалған хабарламалар бірнеше рет келіп түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1727044-almatyda-esentai-mall-sauda-ortalygyna-zarylgys-zat-kojyldy.html