RU

Алматыда троллейбус жүргізушісі бойжеткенді құтқарып қалды

13 сәуір күні кешке №5 троллейбус жолаушысы эпилепсия дертінен талып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық көлік. Фото: motor.kz
Қоғамдық көлік. Фото: motor.kz: UGC

"Green Bus Company" ЖШС ақпаратына сәйкес, жүргізуші Райхан Тлеумбетова дер кезінде бойжеткенге көмек көрсетіп, оны таза ауаға алып шыққан.

"Бойжеткеннің сілекейі ағып, мүлде өзге әлемде жатқандай болды", - дейді компанияда.

Жедел жәрдем келгенше жүргізуші жолаушының қасында болған. Оған бұл әрекеті үшін сыйақы тағайындамақ.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1727057-almatyda-trollejbus-zrgizusisi-bojzetkendi-ktkaryp-kaldy.html