RU
Алматы облысында жалғызбасты ана бес баласымен мал қорада тұрып жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында жалғызбасты ана бес баласымен мал қорада тұрып жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы Қошмамбет ауылында бес баласы бар жалғызбасты ана мал қорада тұрып жатыр. Өзбекстаннан 2002 жылы көшіп келген әйел әлі күнге дейін Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жиенгүл Өтемұратова балаларымен. Кадр 31 арна

Жиенгүл Өтемұратова балаларымен. Кадр 31 арна

Жиенгүл Өтемұратова тар, жөндеу көрмеген, ұсқынсыз бөлмеде бес баласымен екі жылдан бері тұрып жатыр. Перзентінің ересегі 7 сыныпта, ал кенжесі жаңадан екіге толған. Жалғызбасты ана Алматыда бір мекеменің еденін жуып күнелтеді. Балалары бір күн тоқ, бір күн аш.

Жиенгүл Өтемұратова тұрып жатқан мал қора., Кадр 31 арна

Жиенгүл Өтемұратова тұрып жатқан мал қора., Кадр 31 арна

"Мешіттің көмегі бар, майда-шүйде азық-түлік әкеп береді. Осы ауыл арасы әкеп береді. Осымен осылай, азғантай азық-түлікпен ептеп отырмыз. Кейде қарызға алып кетеміз. Сосын ағалардан сұрауға мәжбүр болам. Балалар аш, жеткізе алмай жатырмын", - дейді Жиенгүл.

Жиенгүл Өтемұратова. Кадр 31 арна

Жиенгүл Өтемұратова. Кадр 31 арна

Жиенгүл бауырларымен 16 жыл бұрын Қарақалпақстаннан көшіп келген. Кейін көрші ауылға тұрмысқа шыққан. Осы уақытқа дейін азаматтық алып береміз дегендердің құрғақ уәдесіне сеніп жүре беріпті. Ал екі жыл бұрын күйеуі қайтыс болған соң, бесінші баласына айы-күні толып отырған Жиенгүл төркінін сағалап келген.

Жиенгүл Өтемұратова тұрып жатқан мал қора., Кадр 31 арна

Жиенгүл Өтемұратова тұрып жатқан мал қора., Кадр 31 арна

Шиеттей балаларымен далада қалған әйел алғашында аға-жеңгесінің үйінде тұрған. Кейін бауырына масыл болмайын деп, есік алдындағы мал қораға көшіп кірген. Әзірше жоқшылықтан мезі болған отбасы "Қазақстан азаматы атансақ жәрдемақы алар едік" деп арманын үкілеп отыр.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
4
2
4
25
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір