RU
Салмағы 100 келі келіншекті күйеуі арадағы балаға қарамастан тастап кетті
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Салмағы 100 келі келіншекті күйеуі арадағы балаға қарамастан тастап кетті

Рассказать Вконтакте

Күйеуі артық салмағы үшін тастап кеткен қызылордалық келіншек жан сырымен бөлісті. Ол 100 келіге жеткенде жұбайы баласының барына қарамастан, кетіп қалған. 29 жастағы Жадыра қазір артық салмағымен күресуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет. MissEva.Ru

Көрнекі сурет. MissEva.Ru

"Мен қыз күнімде өте арық болдым. Күйеуім маған "қуыршақ" дейтін. Алайда баламды босанған соң тез салмақ жинай бастадым. Оның үстіне жаттығуларымды тастадым. Гормондағы өзгеріс те бар. Енем маған ескерткен болатын. Мен оның сөзін құлағыма ілмедім. Төсек қатынасы жайлы әңгіме де болмайтын. Бір күні телефонын қарап отырып, мені "шошқа" деп жазып қойғанын көрдім. Күйеуімнің менен суып кеткенін байқадым. Бір күні ол келді де, заттарын жинап, кетіп қалды", - дейді Жадыра.

Қазір ол ұлымен бірге өмір сүруде. Бұрынғы күйеуі үйді келіншегіне қалдырған. Қаржылай көмектесіп те тұрады екен.

"Ажырасқаннан соң жұмысқа орналастым. Қазір жаттығу залдарына барып, түрлі диета ұстап жүрмін. Әкесі ұлымды көруге жиі келіп тұрады. Бірақ, мені көргісі келмейтін болар деп, ұлымды бала күтушіден беріп жіберемін. Бірақ, оны жақсы көремін. Ал күйеуімде ол сезім әлдеқашан суып кеткен", - деді ол.

"Түсінемін, өз некемді сақтап қала алмадым. Күйеуім мен тола бастағаннан түрлі бассейндерге, жаттығу залдарына абонемент алып берді. Ал менің жалқаулығым жібермеді. Қайта арықтаған күнде күйеуім оралады деп ойламаймын. Мен енді өзім үшін сымбатымды қалпына келтіруге тырысамын. Негізі қазақ қыздары тұрмысқа шыққаннан кейін өзіне мән беруді қояды. Менің сәтсіз некем маған үлкен сабақ болды", - деп сырымен бөлісті Жадыра.

Психологтар да Жадыраның айтқанын мақұлдады.

"Ер адам көзімен сүйеді. Сіз біраз мансапқа жеткен келіншексіз делік. Өзіңіздің жаныңыздан толық, үнемі терлеп жүретін, өзіне сенімсіз ер адамды көргіңіз келеді ме? Әрине, жоқ! Онда неге ер адам ондай әйелге шыдауы керек деп ойлайсыз? Ең берік деген отбасының өзін бұл мәселе айналып өтпейді", - деді психолог Зағипа Төлегенова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
2
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel