RU
Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті
Жаңалықтар Қоғам

Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті

Рассказать Вконтакте

Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымыздың мәселесі парламентте енді ғана көтеріле бастады. Әйтпесе президенттің алдында айтылған бұл арыздан бері 8 ай өтті деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бекболат Тілеухан. Фото parlam.kz

Бекболат Тілеухан. Фото parlam.kz

Жат жерде көрмегені жоқ қорғансыз қазақтардың мәселесі әбден ушыққан тұста, депутататр "құқықтарын қорғау керек" деп, үн қатып жатыр. Үкімет пен парламент оянғанша Қытай билігі өз жеріндегі қазақтарды былай қойып, Қазақстанның 11 азаматын да тергеуге алыпты.

"Қандастарымыз босып кетті ғой. Қиналып жатыр ғой. Шын мәнінде қиналып жатыр. Не істерімізді білмейміз. Оған бір тепсініп айтуға да халықаралық жағдай онша келе бермейді. Бірақ, осындай нәрселерге жеңілдікпен қарауға. Кейде рас заңды, бірақ сонда да әділетсіз болып жатады біздің жағдайымыз", - дейді парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.

Айта кетейік тергеу алынған Қазақстанның 11 азаматының 4-і елге оралған. Қалған 7 отандасымыздың тағдырын Сыртқы істер министрінің орынбасары 17 сәуірдегі Үрімжіге сапары барысында шешпекші.

Мұхтар Тілеуберді Қытайдағы қазақ диаспорасының мәселесін де қозғаймын деп уәде беріпт отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
0
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір