RU
Қазақ боксшыларының бұрынғы бапкері үш күннен бері комада жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ боксшыларының бұрынғы бапкері үш күннен бері комада жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

"Астана арландары" бокс клубын бірнеше жыл бойы жаттықтырып, чемпиондық атаққа жеткізген украиналық бапкер Сергей Корчинский үш күннен бері комада жатыр.

Сергей Корчинский. Фото: vesti.kz

Сергей Корчинский. Фото: vesti.kz

Бұл туралы niknews.mk.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Николаев облыстық полициясының хабарлауынша, Корчинский көшеде кетіп бара жатқан белгісіз біреумен сөзге келіп қалған. Кейін екеуара жанжал басталып, белгісіз адам бокс бапкерінің басынан соққы жасайды.

Ауыр жарақат алған бапкері жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Бүгінде ол комада жатыр.

Ал бапкерге шабуыл жасаған белгісіз адам көлігіне мініп, қашып кеткен. Полиция күдіктіні іздестіруде.

Еске сала кетейік, "Астана арландары" командасы Сергей Корчинскийдің басшылығымен 2013 жылы WSB чемпионы атанған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір