RU
Макияждың үстінен алынған дәрет жарамды ма?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Макияждың үстінен алынған дәрет жарамды ма?

Рассказать Вконтакте

Қасиетті ораза айы жақындап келе жатқа тұста оқырмандардың түрлі сауалы көбеюде. Осы орайда muslim.kz опа-далаптың үстінен дәрет алған қаншалықты дұрыс деген сауалға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: islam.ru

Көрнекі фото: islam.ru

Егер қолданып жатқан макияждық опа-далаптары су өткізбейтін қабат түзсе, онда оның үстіне алынған дәрет жарамсыз болады. Себебі, дәрет дегеніміз – жуу мен сүрту[1], яғни жуылуы керек жерлерді жуып, сүртілетін жерді сүрту болып табылады.

"Әл-Бахрур-Раиқ" кітабында дәреттің анықтамасы жайында: "Үш мүшені (толық) жуу, бастың төрттен бірін сүрту делінген".

Міне, бет – жуылуы міндетті болған осы үш мүшенің бірі. Оған міндетті түрде су тиюі керек. Ол жерге су өтпесе, суға тосқауыл болатын нәрсені кетіру керек.

Ал, егер опа-далап суға тосқауыл болатындай қабат түземесе, астына суды өткізетіндей болса, онда оны кетіру міндетті емес. Тырнаққа қатысты айтарымыз да дәл осы. Ең дұрысын Алла біледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
1
4
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel