RU
Асхат Тарғынның көлік тасымалдап, айына миллион табатыны рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Асхат Тарғынның көлік тасымалдап, айына миллион табатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Отандық өнер иелерінің көбісі қосымша табыс көзі ретінде шағын бизнес ашып алған. "Чип-чип" әнінің орындаушысы Асхат Тарғын да өзінің жеке кәсібі жайлы айтып берді деп хабарлайды "Хит-ТВ" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Асхат Тарғын . Фото: NewMuz.Kz

Асхат Тарғын . Фото: NewMuz.Kz

Әнші өзінің осыдан біраз уақыт бұрын көлік тасымалдаумен айналысқанын мәлімдеді.

"Қазір әннен бөлек қосымша табысым жоқ. Тойға барасың. Тапқаныңды жаңа әнге, бейнебаянға жұмсайсың. Кейде "бейнебаянды" өз атынан түсіріп беретін ағалар шығып жатады. Әлі бірнәрсе жасау керек деп жүрміз ғой", - деді әнші.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын көлік тасымалдаумен айналыстым. Бір барғанда бірнеше көлік алып келеміз. Шүкір. Пайдасын көрдім. Бір айда миллион табасың. Кейде ойлағаныңдай шықпай жатады", - деп ағынан жарылды әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel