RU
Өліп барамыз: Кемероводағы марқұмдар құтқарушылардан жан ұшыра көмек сұраған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өліп барамыз: Кемероводағы марқұмдар құтқарушылардан жан ұшыра көмек сұраған

Рассказать Вконтакте

Кемеровода "Зимняя вишня" сауда орталығында болған алапат өртте тірідей жанып кеткендер 112 нөміріне қоңырау шалып, жан ұшыра көмек сұраған. Ал құтқару қызметінің операторлары түтінге тұншыққандардың бірін жұбатып, екіншісіне ұрысып беріпті деп хабарлайды Life.Ru сайьына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Азаттық сайтынана алынды

Фото: Азаттық сайтынана алынды

Mash телеграм-каналы 112 құтқару қызметіне "Зимняя вишня" сауда орталығынан хабарласқан адамдардың аудиожазбасын жариялады. Бұл есігі құлттанып, толықтай жанып кеткен кино залындағы марқұмдар мен куәгерлерден келіп түскен қоңыраулар екен.

Аудиожазбадан аңғарғанымыздай, құтқару қызметі соншалықты жылдам келіп жетпеген. Адамдар 112-ге қоңырау хабарласып, өрт сөндірушілер келмегенін, жедел жәрдемнің жетпей жатқанын айтуда.

"Ешкім келмей жатыр, 10 миуттан бері барлығы жанып кетті. Тірі адамдар тұншығып, терезеден секіруде", - дейді бір хабарласушы.

Кей хабарламалардың арғы жағында балалардың айқайлаған дауысы мен жылаған адамдар дауысы анық естіледі.

"Зимняя вишняда" не болып жатыр? Біз 20 минуттан бері мына жерден өлейін деп жатырмыз! Кішкентай балалар бар ғой", - деп айқайлаған кино залында қалып қойған азамат.

Ал құтқару қызметінің операторлары сасқалақтап, "қазір өрт сөндірушілер барады", "күтіңіздер", "барлығы жақсы болады" деп жұбатса, енді бірі жәбірленушілерге айқайлап ұрысып берген.

Еске салсақ, 25 наурыз күні Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығында алапат өрт болып, 64 адам мерт болған еді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
4
9
33
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір