RU
Орыс саясаткерлері Қазақстанның латын әліпбиіне көшкеніне қынжылды
Жаңалықтар Қоғам

Орыс саясаткерлері Қазақстанның латын әліпбиіне көшкеніне қынжылды

Рассказать Вконтакте

Ресейлік белгілі журналист Владимир Соловьев өзінің "Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым" атты саяси ток-шоуында Қазақстанның латын әліпбиіне көшу мәселесін қозғап, одан "қорқу" керектігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: YouTube. Владимир Соловьев

Фото: YouTube. Владимир Соловьев

Ток-шоуда сонымен бірге Қазақстан мен Ресей елінің ара-қатынастары туралы да сөз қозғалған.

"Жалпы Қазақстанмен ара-қатынасымыз қандай өзі? Біз әлі күнге дейін арамызда не бар екенін нақты білмей жүрміз бе? Әлде...Біз білмейтін жайттар да бар ма?", - деп сауал қойды ресейлік жүргізуші.

Саясаттанушылар, аталған сауалға "Қазақстанның латын алфавитіне көшуінен секем алуымыз керек" деп жауап қатты.

"Латын әліпбиіне көшу туралы шешім елдің ішкі саясаты үшін маңызды қадам болып саналады және ол ұлттық кодты сақтап қалу үшін де қажет шешім. Біз оған тек өкінішпен әрі қорқынышпен ғана қараймыз", - дейді шоуға қатысушылар.

Сонымен бірге, бағдарламада АҚШ пен Ресей арасындағы кикілжіңде Қазақстан қай тарапта қалады деген сөз қозғалды. Бұл ретте ресейлік саясаттанушылар мемлекет басшысының АҚШ-қа сапарын тілге тиек етті.

"Өкінішке орай, Қазақстан тәуелсіз алғаннан бері қазақыланып келеді. 91 жылға дейін елде орыстардың саны көп болса, қазір олар өте аз. Сондай-ақ, олар орыс тілін мемлекеттік тіл деп қабылдаймыз деді, бірақ, сол күйі қабылдамады", - деп сөзін қорытындылады саясаткер Затулин.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
31
0
5
0
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір