RU
20 жастағы ер адам төрт жасар өгей қызын өлімші етіп сабап тастаған (фото)
Жаңалықтар Әлемде

20 жастағы ер адам төрт жасар өгей қызын өлімші етіп сабап тастаған (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Красноярск қаласының тұрғыны екі күн бойы өзінің өгей қызын аяусыз соққыға жықты. Оқиға кезінде көрші бөлмеде болған баланың туған әкесі, ешқандай іс-әрекеттер қолданбаса керек деп хабарлайды KazanFirst-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kazanfirst.ru

Фото: kazanfirst.ru

Красноярскте 20 жастағы ер азамат сүйіктісінің туған қызын қорлағаны үшін күдікті болып отыр. Оған қатысты «кішкентай балаға зәбір көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында , ер азамат сүйіктісінің үйінде оның екі қызы мен бұрынғы күйеуімен тұрғаны белгілі болды. 12-13 сәуір аралығында ол төрт жасар өгей қызын белдікпен сабап, аяусыз соққыға жыққан.

Фото: kazanfirst.ru

Фото: kazanfirst.ru

Зардап шеккен баланың анасы қылмысты жасырып қалуға тырысып, медициналық көмекті өзі үйден жасамақ болды. Алайда, бұл отбасыға қонаққа келген досы бұл жантүршігерлік жағдайды полицияға хабарлаған.

Қазіргі таңда, қыз бала ауруханада жатыр, онымен кәсіби мамандар жұмыс жасап жатыр. Ал оның алты жасар әпкесі болса балалар үйіне жіберілген.

20 жастағы өгей әке тергеу барысында қамауда отырады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
6
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel