140 мың еуроға әйгілі жұлдызды шақырған қазақтар Ләйлә Сұлтанқызын таңғалдырды
Ләйлә Сұлтанқызының "Өз ойым" бағдарламасында ел аузында жүрген атышулы қазақ тойлары сөз етілді. Бағдарламада отандық және елге келетін шетел жұлдыздарының гонорары сарапқа салынған. Мәселен, елге 100 мың еуроға келетін әлемдік жұлдыз Крейг Дэвидті жеке ұшақпен жеткізудің өзіне 40 мың еуро жұмсалғанын естіген тележүргізуші таңғалысын жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Шетелдік әншіге 140 мың еуро жұмсап тойға шақырғандар Ләйлә Сұлтанқызын таңғалдырды
Той қонақтары әйгілі британиялық жұлдыздың өнерін тамашалай алуы үшін отандық олигархтар 100 мың еуросын аямайды екен. Той ұйымдастырушысының айтуынша, оны елге жеткізудің өзіне 40 мың еуроға жуық қаражат кеткен.
Бұл деректі естіген Ләйлә Сұлтанқызы болса, таңғалысын жасыра алмады. Ал елдегі тойлар мен мерекелік кештерді ұйымдастырудың маманы Саша өзге де шетелдік және ресейлік әншілердің сұрайтын гонорарын айтып берді.
Әлемге емес, ТМД елдеріне танымал қазақстандық жұлдыз Jan KHalib-тің өзі бір кешке қатысу үшін 30-40 мың еуродан кем алмайтыны айтылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!