RU
Абай болыңыз: Желіде тараған қауіпті сілтемелер шоттағы ақшаны ұрлайды
Жаңалықтар Қоғам

Абай болыңыз: Желіде тараған қауіпті сілтемелер шоттағы ақшаны ұрлайды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының тұрғыны желіде тараған сілтемеге кіремін деп, шоттағы ақшасынан айырылып қала жаздаған. Ол NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хабарласып, өзін белгісіз біреулер қорқытып жүргенін айтып берді.

Көрнекі фото: STAV.AIF.RU

Көрнекі фото: STAV.AIF.RU

Мақсат (ред. - есімі өзгертіліп берілді) 11 сәуір күні өзіне Whatsapp желісі арқылы келген сілтемені ашып көреді. Оған тіпті, әйелі де кірген екен. Содан кейін үш күн өткен соң, ерлі-зайыптылардың қалта телефонындағы барлық ақпарат (сурет, видео) өшіп кетеді.

Мақсат кірген сілтеме. Фото: NUR.KZ

Мақсат кірген сілтеме. Фото: NUR.KZ

"Әйелім екеуміздің телефонымызда ақпараттар бір уақытта өшіп кеткен соң, бірден сол сілтемеден болғанын түсіндік. Осыдан кейін олар менің банктік шоттарымдағы ақшаны шешпек болды.

Әдетте банктік карточкамнан ақша аударатын кезде телефонға SMS хабарламамаен құпия нөмір келуі керек. Маған таңғы алты шамасында сол аударым жасау үшін құпия нөмірлер келді. Қайта мен бірден банктерге хабарласып, дер кезінде есепшоттарымды бұғаттап үлгердім", - дейді азамат.

Мақсаттың шотынан ақша шеше алмай ашуланған бұзақылар оған түрлі жалаңаш әйелдердің суретін жіберіп, "Осы суреттерді әйеліңе жіберсек ұнар ма екен?" деп қорқытқан.

"Кейінірек сол суреттерді шынында әйеліме жіберді. Олар біздің арамызға от салып жүр. Күнде әртүрлі пошта адрестерінен түсініксіз хаттар жібереді. Оған жауап жазайын десем, пошталарын бірден өшіріп тастайды", - дейді ол.

Мақсатқа келген хат. Фото: NUR.KZ

Мақсатқа келген хат. Фото: NUR.KZ

Бұзақылар азаматтың электронды поштасын да бірнеше рет бұзып кірмек болған. Алайда Мақсат қарап қалмай, пошталарының қауіпсіздігін екі есе арттырып, енді қайтып аша алмайтын құпия сөздер қойып тастапты.

"Халықты абай болуға шақырамын. Желіде келіп жатқан түрлі сілтемелерге кіруден аулақ болыңыз. Олар ТехноДом, KFC аттарын жамылып, тіпті Рамазан құтты болсын деп те түрлі зиянды хабарламалар таратуда", - деп кеңес берді Мақсат.

Сілтемеге кіремін деп, тыныштығынан айырылған азамат Алматы қаласындағы Әуезов аудандық ІІБ-не арыз жазыпты. Құзырлы органдар бұл мәселені қалай шешетінін алдағы уақытта жазатын боламыз.

Ал поштаңызды бөтен адамдардың бұзып кіруінен қалай сақтау керектігін төмендегі видеолардан көре аласыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
13
2
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel