RU
Қытай тұрғындары тірі балаларын жерлейтін орындарды жаппай сатып алуда
Жаңалықтар Әлемде

Қытай тұрғындары тірі балаларын жерлейтін орындарды жаппай сатып алуда

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Хубэй провинциясында жастар жаппай өздеріне зират сатып алуда. South China Morning Post басылымының жазуынша елдің орталық бөлігінде 80 мыңнан астам тірі адамға арналған жерлеу орындары алдын ала сатылып қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қытай тұрғындары тірі балаларын жерлейтін орындарды жаппай сатып алуда

Көрнекі фото

Болашақта жерленетін орындарын 10 жасар баласына дейін сатып алып жатқан қытайлықтардың бұл әрекеті көптеген желі қолданушыларының назарылығын тудыруда.

Аталған провинцияда тұратын 78 мың тұрғынның 95 пайызы өздерінің жерленетін орнын әзірлеу қамына кіріскен. Олардың ішінде алпысты алқымдаған егде кісілер де, тіпті жастар мен балиғат жасына толмаған балалар да бар. Мұндай зираттар ауылдың егістігіне дейін салынып, жол бойында да орын алған. Көптеген зираттардың басында оның кімге тиесілі екенін көрсетіліп, жазылып қойған.

Тұрғындардың зираттарды жаппай сатып алып жатқанына жергілікті салт-дәстүр себеп болған.

Ежелгі ғұрып бойынша 30 жасқа дейін адам өзінің ақырғы баратын "үйін" тірі кезінде әзірлеуі тиіс екен. Алайда аталған провинцияның тұрғындары бұл ғұрыпқа екіұшты қарайды.

Мәселен, желіде жерді қоғамдық ресурс деп атағандар оның бұлай пайдалануына қарсы шықса, екіншілері жердің иелері қалағанын істей алады деген пікірде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір