RU
Министр Сүлейменов: Теңге бағамы 340-тан аспайды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Министр Сүлейменов: Теңге бағамы 340-тан аспайды

Рассказать Вконтакте

Үкімет АҚШ-тың Ресейге қатысты санкцияларының Қазақстан экономикасына қаншалықты әсер ететінін сараптап шықты. Осыған орай, рубль бағамының өзгеруі бойынша бірнеше сценарий әзірленді, деп xабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, рубль бағамының үш межеге - 70, 80 және 90 дейін баратын үш түрлі сценарий қарастырылып отыр. Егер үш сценарийдің біреуі іске асып жатса, тиісті шаралар қолға алынбақ.

Министрдің айтуынша, әзірше рубльдің бағамы 61-62-нің айналасында болып тұр. Оған мұнайдың бағасы да оң әсер етіп отыр.

"Сондықтан жақын арада қандай да бір үлкен өзгерістер болады деп айта алмаймыз. Негізі, рубль бағамының өзгеруін тікелей теңгемен байланыстыруға болмайды. Себебі біздің экономикамыз бөлек. АҚШ-тың санкциялары бізге тарамайды. Сондықтан оның тікелей әсері жоқ. Пессимистік сценарий болған күннің өзінде ішкі жалпы өнімнің өсуі сақталады. Ертең, біз Парламенттің жалпы отырысында әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырамыз. Онда теңгенің шекті бағамы 340 деп көрсетілген. Демек, Үкімет теңге бағамының одан ары өспейтініне сенімді", - деп атап көрсетті Сүлейменов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel