RU
Италиялық жиһаз, авторлық дизайн: бай-бағландар пәтер жөндеуге қанша қаржы жұмсайды?
Жаңалықтар Қоғам

Италиялық жиһаз, авторлық дизайн: бай-бағландар пәтер жөндеуге қанша қаржы жұмсайды?

Рассказать Вконтакте

Елордалық ауқаттылар 200 шаршы метрлік пәтер сатып алып, оны жөндеу және дизайн жұмыстарына миллиондап қаржы жұмсайтын көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Астаналық Назым Серікпекованың мамандығы – дизайнер. 10 жылдан астам уақыт бойы осы салада жүрген ол түрлі пәтерлер мен пентхаустарға, қоғамдық орындарға дизайн және әрлеу жұмыстарын жүргіземін дейді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Бүгінде астаналықтар пәтер, баспана дизайнына баса мән беретін болған. Жасы 40-тан асқан тұрғындар классикалық дизайнға тапсырыс берсе, жастар заманауи интерьерді ұнатады. Ал, неоклассикалық үлгідегі дизайнға ауқаттылар тапсырыс береді. Бәрі клиенттің талғамы мен қалтасына байланысты. Жалпы, дизайн қызметінің өзі – көптің қалтасы көтере бермейтін жұмыс, бұған көп жағдайда жағдайы бар, ауқатты жандар тапсырыс беріп жатады.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мысалы, дизайн жоба үшін – әр шаршы метр үшін 7 мың теңге болса (авт. орта есеппен), авторлық бақылауға – 5 мың теңге, кешендеу қызметіне (авт. жиһаз таңдау, жарықпен қамтамасыз ету және т.б.) – шаршы метрге 3 мың теңгедей кетеді. Бұл орта санатттағы тұрғындарға арналған есеп, ал бай-бағландардың пәтерлерін жөндеп, дизайнымен айналысатын мамандар жүздеген мың доллар табыс табады»,-дейді маман.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сонымен қатар ол, 200 шаршы метрді құрайтын пәтердің жөндеу, дизайн қызметі мен жұмысшыларға кететін шығынды есептегенде шамамен 50 млн теңгедей қаражат кететінін алға тартты.

"Бұл орта есеппен алғандағы шығын мөлшері, бұған қоса пәтерді сатып алуға кеткен қаржыны есептеңіз. Ол шамамен – 60 млн теңге болады. Бұдан да көп қаражат жұмсайтындар қаншама. Жаңа айтып өткенімдей, бәрі талғам мен ақшаға байланысты.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал, құрылыс материалдарына шектеу жоқ. Бұрындары біздің елде жөндеуге қажет құрал-жабдықтарды шығара бермейтін. Қазір нарықта аз да болса отандық өнім бар, сондықтан кейбірін өзімізден, жоқтарын шетелден алдыртып жатамыз. Жиһазға келер болсақ, ауқаттылар италиялық өнімді сатып алып жатады",-деп қысқа қайырды дизайнер.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Маманның айтуынша, астаналық шенді-шекпенділер де талай мәрте оның көмегіне жүгінген екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Аты-жөндерін айта алмаймын, бірақ түрлі кәсіпкерлер мен лауазымды қызметте отырған шенеуніктер кеңес сұрап, клиент ретінде келген. Қолымнан келгенше, пәтер дизайнері ретінде көмектестім»,-дейді маман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
1
1
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel