RU
Даниал Ахметов 19 жастағы жігітті өлтірген шенеунік үшін кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Даниал Ахметов 19 жастағы жігітті өлтірген шенеунік үшін кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер қаласы әкімі орынбасарының жас жігітті қағып кетуіне қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

"Бұл шынымен де қайғылы жағдай. Әкім орынбасары кеше қамауға алынды. Бүгін құқық қорғау органдары өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қайтыс болған жігіттің ата-анасына көңіл айтып, әкімдік атынан кешірім сұрадық. Енді сот тергеуінің аяқталғанын күту керек", — деп айтты Даниал Ахметов.

Әкімнің тапсырмасы бойынша тергеу ашық түрде жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Риддер әкімінің орынбасары 19 жастағы жігітті көлігімен қағып өлтірді. Жол-көлік оқиғасы кезінде 45 жастағы жүргізуші мас болғаны анықталды.

Қазір шенеунік уақытшы ұстау абақтысында отыр, оған қатысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel