RU
Астанада шағын пәтерді жөндеу үшін қанша қаражат кетеді?
Жаңалықтар Қоғам

Астанада шағын пәтерді жөндеу үшін қанша қаражат кетеді?

Рассказать Вконтакте

Мамандар Астанада аумағы 60 шаршы метр болатын пәтердің жөндеу жұмыстарына қанша қаражат кететінін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Белгілі дизайнер Назым Серікпекованың айтуынша, аумағы 60 шаршы метрді құрайтын үйдің жөндеу жұмыстарына мен дизайнына 7 млн теңгедей қаражат жұмсалады екен.

"Бұдан да аз сомаға сапалы ремонт жасауға болады. Бірақ онда дизайнға қажет қызық бұйымдар мен құрал-жабдықтар болмауы мүмкін. Бәрі клиенттің бюджетіне, қаржылай шамасына байланысты",-деді маман.

Сонымен бірге, ол тұрғындардың дені күні бүгінге дейін дизайн қызметіне тапсырыс бермей, көп шығынға батып жататынын атап өтті.

"Көпшілік әлі күнге дейін дизайнер жалдағанның тиімді екенін біле бермейді. Себебі, қыруар қаржы кетеді деп ойлайды, негізінен мүлдем олай емес, кез келген маман сіздің бюджетіңізге қарай әдемі әрі шығынды көп қажет етпейтін дизайн жасап береді. Осы тұрғыдан, тұрғындарға қателеспесе екен деймін. Сапасыз ремонтқа көп ақша жұмсағанша, бір рет дизайнердің көмегіне жүгініп, өзіңіз қалағандай, қолжетімді бағадағы жөндеу жұмыстарына қол жеткізуге болады",-деп кеңес берді маман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel