Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз тәрбиесі жайлы ақыл айтқан Дәурен Айдарқұлов жұртқа жақпай қалды

Опубликовано:

Балалары мен келіншегін тастап, Ақбота Сейітмағамбетпен шаңырақ көтерген Дәурен Айдарқұловтың айтқан ақылы көпшілікке ұнамай қалды. Қыз баласының тәрбиесіне қатысты кеңес жазған актер сынның астында қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айдарқұлов. Фото: Instagram
Айдарқұлов. Фото: Instagram: UGC

"Ұлға қарағанда қыз баласы анасы мен әкесінің арасындағы жылы қарым-қатынасты тез байқап, сезінеді. Ең басты тәрбие де осында жатыр. Қызыңызға жақсы тәрбие бергіңіз келе ме? Ендеше, оның анасын сыйлауға тиіссіз", - деп жазды актер.

Ал бұл жазбаны көрген желі қолданушылары Айдарқұловқа ұрысып тастады

"Бұл ақылды өзіңіз қолданып көрдіңіз бе?", "Ат айналып қазығын табар деген осы", "Ақылды болғаннан отбасыңызды тастап кеттіңіз бе? Әлде ақылды болғаннан әкесіз өскен қызды жылаттыңыз ба?", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727193-kyz-trbiesi-zajly-akyl-ajtkan-duren-ajdarklov-zrtka-zakpaj-kaldy/

pixel