RU
Қызылордада дайын медициналық анықтамалар 1500 теңгеден сатылып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада дайын медициналық анықтамалар 1500 теңгеден сатылып жатыр

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысындағы Тереңөзек кентінің тұрғыны NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдап, жергілікті ауруханада дайын медициналық анықтама сатылатынын мәлім етті. Оқырманның айтуынша, дәрігерлер тексерісіне уақыт өткізбей-ақ, құжатты қолға алу 1500 теңге тұрады екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Тереңөзек кентіндегі Сырдария аудандық ауруханасында дайын анықтама сатылады" деген оқырман редакцияға анықтаманың суретін жолдады. Айтуынша, жоғары оқу орнына түсу кезінде немесе жұмысқа орналасу үшін өтетін №086 формадағы дәрігерлік консультация қорытындысы 1500 теңгеден сатылып жатыр екен.

Тереңөзек тұрғыны жолдаған суретте медициналық қорытындының бетіне "тексеруден өткен адамның" аты-жөні жазылмаса да, бірнеше дәрігердің мөрі басылып қойғанын байқауға болады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Бұл бассыздықты құзырлы органдар қолға алуы керек деп ойлаймын. Бос бланкілерге мөрді басып, дайындап қойған. Осыны енді сатып жатыр", - дейді оқырман.

Ал Сырдария аудандық ауруханасының қызметкерлері "дайын анықтама сатылады" деген ақпаратты толықтай жоққа шығарып отыр.

"Мұндай жағдай осы уақытқа дейін болмаған. Бұл анықтаманы көріп, дәрігерлермен қоғамдық кеңес өткіздім. Барлығынан түсініктеме алдым. Олар аталмыш іске қатысымыз жоқ дейді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Суреттегі мөрдің жасанды ма, шынайы ма екенін әлі нақты білмейміз. Енді оған жіті тексеріс жүргізіп, мән-жайы анықталған соң шара қолданатын боламыз", - дейді Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұржамал Мырзағалиева.

Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің мәліметіне сүйенсек, кейбір анықтамаларға мөрі басылғанымен, арнайы базада тіркелмесе, ол жарамсыз саналады екен.

"Бұндай бланкілер бұрын болған. Сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында соңғы жылдары барлық анықтаманы цифрлық жүйеге келтірдік. Яғни кез келген анықтаманы бергенде компьютерде базада тіркелуі керек. Бұл анықтамалар ескі болуы да мүмкін", - дейді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір