RU
БАҚ: Мәскеуде терезеден секіріп кеткен қазақ қызы дағыстандық жігітке ғашық болған
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Мәскеуде терезеден секіріп кеткен қазақ қызы дағыстандық жігітке ғашық болған

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде төртінші қабаттан құлап, хал үстінде жатқан қазақ қызының ісі бойынша жаңа дерек шықты. Құқық қорғау органдары оның өзін-өзі өлтірмек болғанын мәлімдеді деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кабмин

21 жастағы Томирис

Бұған дейін 21 жастағы Томиристің төртінші қабаттан құлауына оның жігітінің қатысы бар деген ақпарат тараған болатын. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтуда.

Жаңа шыққан деректерге сүйсенсек, 21 жастағы бойжеткенді ешкім ғимараттың терезесінен итеріп жібермеген, ол өзін-өзі өлтірмек болған деп жазады Mash телеграм-каналы.

Бұл жайт бойынша "Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Айта кету керек, Томиристің ісі бойынша Дағыстан Үкіметінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Меджидовтың 22 жастағы ұлы Муртузали де тергеуге шақырылған.

Куәгерлер Томириспен соңғы рет тілдескен дәл осы жігіт екенін айтқан. Олардың айтуынша, бойжеткен оған ғашық болған, алайда жігіт оған жауап бермеген.

Олардың сөзіне сүйенсек, жігітпен сөйлескеннен соң Томирис өзін өзі өлтірмек болған .

Төртінші қабаттан құлаған қазақ қызы тірі болғанымен, ол әлі де хал үстінде жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін куәгерлер студент қызды ғимараттың төртінші қабатынан итеріп жіберген деген еді. Бұл іске қатысы бар делінген Магомед Котиев бұл ақпаратты жоққа шығарып, Томиристі мүлдем танымайтынын жеткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
31
1
19
9
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір