Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар: Маникюр жасаймын деп айықпас дертке шалдығуыңыз мүмкін

Опубликовано:

Сұлулыққа құштарлықтың соңы айықпас дертке ұрындыруы мүмкін. Еліміздегі сән салондарының көбінде санитарлық талаптар сақталмайды. Маникюр жасайтын құрал-саймандар арқылы гепатит пен зең ауруын, тіпті ВИЧ жұқтыру қаупі бар. Эпидемиолог дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Мамандардың алаңдауы қаншалықты орынды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Салон

Тырнақ әрлейтін құрал-саймандардың түрлі тері ауруларына себепкер екенін жұрттың көбі біле беремейді. Мәселен, қысқаш алдын-ала дезинфекциядан өтпей, маникюр маманы қолыңызды байқамай тіліп алса болды, сіз айықпас дертке шалдығуыңыз мүмкін.

Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен салондардың көбінде санитарлық талаптарға сай қызмет көрсетілмейді екен.

"Қазір сән салондары бізде базарларда да ашылып жатыр. Дезинфекция сән салонында жәй спиртпен сүрте салады. Жәй сумен жуа салуы мүмкін. Ол уақытта АИТВ жұқпасы жойылуы мүмкін емес", – дейді дәрігер-эпидемиолог Зәмзәгүл Рахимбаева.

Бұған көз жеткізу үшін елордадағы жиырмаға жуық салонға тілшілер хабарласқан. Алайда, олардың көбісі тырнақ күтіміне арналған стерилизаторларын түсіруге рұқсат бермепті.

Мамандар мұндай вирустардың өршуіне тек салон қызметкерлері ғана емес, тиісті құжаттарды талап етпейтін тұтынушылардың өздері де кінәлі дейді. Олар талап бар жерде, жауапкершілік жоғары болатынын айтады. 

«Ал қазіргі таңда интернет желісі дамып, осындай жағдайда үйде қызмет көрсету: маникюр, педикюр шеберлерінің үйде қызмет көрсетуі танымал болып жатыр. Адамдар өз денсаулығын қауіп-қатерге тігіп, үйден қызмет алып жатыр, оның бәрі дұрыс емес. Өйткені, сән салонына қойылатын талаптар үй жағдайында ұстау мүмкін емес», - дейді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Әлсия Кашкенова.

Санитарлық ержелерге сәйкес, маникюр-педикюр шеберлері міндетті түрде жылына бір рет вирустық Б және С гепатитіне тексеруден өту керек. Бірақ оны елеп-ескеріп жатқандары шамалы. Ал ең сорақысы, құрал-сайманға жұққан вирус бірнеше тәулікке дейін сақталса, ВИЧ инфекциясын қарапайым әдіспен мүлдем кетіре алмайсыз!

«АИТВ жұқпасы кепкен қанда 1 тәуліктен артық сақталады. Мысалға бір рет қолданылатын иненің ішінде қан қалса бірнеше тәулікке дейін сақталады. Қан болса, ол маникюрный, педикюрный құралында болсын, ол қан 56 градус қыздырылған кезінде кезде жарты сағаттан кейін ғана жойылуы мүмкін. Ал С гепатитінің  жойылу уақыты одан да көп», - дейді дәрігер-эпидемиолог Зәмзәгүл Рахимбаева.

Елордада 2017 жылы ВИЧ жұқпасын жұқтырғандардың саны 235-ке жеткен.  Бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Ал өз ауруын жасырып жүргендер әлдеқайда көп болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727223-mamandar-manikur-zasajmyn-dep-ajykpas-dertke-saldyguyyz-mmkin/

pixel