RU
Қостанайлық келін сексеннен асқан енесін қуып шығып, үйін тартып алмақ болған
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайлық келін сексеннен асқан енесін қуып шығып, үйін тартып алмақ болған

Рассказать Вконтакте

Қостанайлық келіншек жасы сексеннен асқан енесін үйден қуып шығып, пәтерін тартып алмақшы болған деп хабарлайды oqiga.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды
Source: UGC

Басылым таратқан мәліметке сәйкес, 87 жастағы кейуана сотқа өзінің туған келінінің үстінен шағым түсірген.

Қарияның айтуынша, келіні әжейді үйінен қуып шығып, пәтерін тартып алмақ болған екен. Белгілі болғандай пәтер 2002 жылдан бастап қарияның атына тіркелген көрінеді.

Сотта кейуанының ұлы мен келінінің ажырасып кеткені анықталған. Ұлы үйден кетіп қалғанымен, келіні кәмелет жасына толмаған екі баласымен баспананы иемденіп келген екен.

Сот шағым түсіруші ананың жасын ескере келе, пәтерді зейнеткердің жеке-дара меншігі деп тапқан.

Сондай-ақ, соттың шешімімен безбүйрек келін жылу беру маусымы аяқталғанша ғана пәтерде тұра алады деген шешім шығарған.

Сіздің реакцияңыз
5
2
2
11
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel